8-10 сәуірде "KiaGO: Қазақстанды ашамыз!" топтамасының екінші автошеруі өтті. Kia автокөліктерін тізгіндеген блогерлер мен журналистер тобы Ақмешіт үңгірі мен ежелгі Ақыртас кешенін аралап, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының көрікті жерлерін жаңа қырынан ашты.
Қазақстандағы Kia ресми дистрибьюторы Allur автокөлік компаниясының құрамына енетін Allur Motor Qazaqstan компаниясы ұйымдастырған автошерудің мақсаты – Республикадағы автотуризмді дамыту, туристік орындарды танымал ету және ішкі туризм мәдениетін арттыру. Қазақстандықтардың көпшілігі табиғатқа сақтықпен қарауды ұмытпай, өз елінің қайталанбас сұлулығы мен тарихи мұрасына ерекше қырынан қарасын деген мақсат.
Үш күндік жүріс бағыты: Алматы қ. – Таңбалы шатқалы – Ертегі үңгірі - Шымкент қаласы – Ақмешіт үңгірі – Ақыртас кешені - Алматы қ., ұзындығы 2 мың шақырымға жуық бұл бағыт автобанның теп-тегіс бетонынан бастап быт-шыты шыққан асфальт пен қара жолдарға дейінгі әртүрлі жол жағдайларын қамтыды, бұл қатысушылардың Kia автокөліктерінің әр моделінің сипатын сезіне отырып, толыққанды сынау үшін жасалды. Жеті автокөліктен тұратын лекке CERATO және K5 седандары, сондай-ақ Soul, Saltos және Sorento кроссоверлері қосылды, сөйтіп Қазақстандағы автотуризм үшін жол талғамайтын көліктің болуы міндетті емес екенін тағы бір рет дәлелдеді.
Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жердегі Таңбалы тарихи-археологиялық кешені ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасының нысаны болып табылады. Мұнда табиғи сұлулық дала өлкесінің тарихымен тығыз байланысты, онда діни орындар, ғибадатханалар мен қорымдар бейнеленген. Таңбалының басты ерекшелігі – 5 мыңға жуық ежелгі жартас суреттері бейнеленген.
Шымкенттен 80 шақырым жердегі Ақмешіт үңгірі Қазақстанның он кереметінің бірі, қасиетті орын және қажылық орны болып саналады. Ақмешіттің ұзындығы 200 метр, ені 65 м және биіктігі 25 м. Үңгірде ағаштар өседі, құстар ұя салады, ал жартастан су тамшылары ағып жатады. Мұнда келушілерді ерекше атмосфера мен ғажайып көріністер баурап алады.
Автошеруді ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай сапарлар жаңалық ашуға, серпіліс жасауға және қаланың қарбалас шуынан демалып, табиғаттан ләззат алуға көмектеседі. Бұл шабыт беретін қозғалыс деуге болады.
"KiaGO: Қазақстанды ашамыз!" автошеруін Qazaq Oil, Samal Water және Litro сияқты серіктестер қолдады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»