Жаңа орташа өлшемді Kia Sorento кроссовері Euro NCAP әдістемесі бойынша краш-тесттердің қорытындысында «5 жұлдыз» деген жоғары баға алды. Sorento-ның барлық нұсқалары, оның ішінде 2021 жылдың бірінші тоқсанында Еуропа нарықтарына шығатын гибридті күш қондырғысы бар нұсқа барынша нәтиже көрсетті.
Жаңа автокөліктердің қауіпсіздігін сынау жөніндегі Euro NCAP тәуелсіз ұйымы Kia Sorento-да ересектердің (жүргізуші мен жолаушылардың) қорғанысын 82%-ға, бала жолаушылардың қорғанысын 85%-ға, жаяу жүргіншілердің қорғанысын 63%-ға бағалады. Қауіпсіздік жүйесінің көрсеткіші 87%-ды құрады.
Euro NCAP мамандары Kia Sorento жолаушылар салоны апат болған жағдайда құрылымдық тұтастығын сақтайтынын атап өтті. Сондай-ақ бүйірлік соққы сынақтарында кроссовер жолаушылар денесінің барлық маңызды бөліктерін жақсы қорғауды қамтамасыз етті. Бала жолаушылардың да қауіпсіздігі жоғары бағаланды. Орындықтар мен бас қойғыштар артқы соқтығысулар кезінде жолаушыларды омыртқаның қылтамырлық жарақаттарынан қорғаудың жоғары дәрежесін көрсетті. Сынақтар барысында алдыңғы соққының алдын алатын FCAA[1] ассистенті соққыға жол бермеудің қосымша мүмкіндігін берді, ол Еуропа нарықтарында ұсынылатын жабдықталымдардағы стандартты жабдықтың тізіміне кіреді.
Sorento-ның барлық нұсқаларының шанақ құрылымында AHSS (Advanced High Strength Steel) болатының өте жоғары берік сұрыптары қолданылады, бұл автокөліктің осы сегменттегі қауіпсіздік деңгейі бойынша көшбасшы болып саналатын модельдерге қарағанда шанақтың 12,5%-ға жоғары бұралу қаттылығын қамтамасыз етеді.
KIA Sorento жеті қауіпсіздік жастықшасымен, оның ішінде алдыңғы қатардағы жүргізуші мен жолаушы үшін басты қорғауды күшейтетін жаңа орталық алдыңғы жастықпен жабдықталған. Сондай-ақ Sorento-ның барлық нұсқалары KIA (VSM) фирмалық белсенді басқару жүйесімен және ESC электронды тұрақтандыру жүйесімен жабдықталған, бұл жүргізушіге тежеу және бұрылу кезінде автокөлікті басқаруға көмектеседі.
«Жаңа KIA Sorento – жеті орындық кең, жоғары санатты кроссовер. Сынақ нәтижелері бұл автокөлік қауіпсіздігінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Sorento-ның жаңа буыны отбасылары бар клиенттер арасында танымалдылыққа ие болды. Сатып алушылар оның керемет дизайнына, керемет динамикасына және әртүрлі ауа райына бейімделуіне таңғалады. Сондай-ақ Sorento соқтығысу қаупін азайту үшін және апаттың алдын алу мүмкін болмаған жағдайда жүргізуші мен жолаушыларды қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін арнайы әзірленген опциялар мен технологиялық шешімдердің кең жиынтығын ұсынады», - деп түсіндірді Kia Motors Europe компаниясының өнімді жоспарлау және баға түзу жөніндегі директоры Пабло Мартинес Масип (Pablo Martinez Masip).
Kia-ның жүргізушіге көмек көрсету жүйелері (ADAS шешімдер кешені) саласындағы жаңа әзірлемелері жаңа Sorento үшін ұсынылады. Жабдықталымға байланысты[2] Sorento FCAA-ның жаяу жүргіншілерді, велосипедшілерді және автокөліктерді тану функциясымен, сондай-ақ жол қиылыстарындағы бұрылыс кезінде соқтығысудың алдын алу функциясымен жабдықталған болуы мүмкін. Сондай-ақ жабдыққа НВА жарықты қашықтан басқару көмекшісі, DAW жүргізушінің назарын алда келе жатқан автокөліктің қозғалғаны туралы ескерту функциясы бар бақылау жүйесі, LKA жолақтан шығудың алдын алу жүйесі және жасырын аймақта (BCA) автокөлікпен соқтығысудың алдын алу жүйесі кіреді. Осы модель үшін ұсынылған басқа технологиялық шешімдердің қатарында интеллектуалды круизді басқаратын HDA автомагистральмен жүру көмекшісі, ISLA интеллектуалды жылдамдықты шектеуші, SEA автокөліктен қауіпсіз шығу көмекшісі, PCAA артқы жүріспен тұраққа қою кезіндегі соқтығысудың алдын алу көмекшісі, SVM айналаны шолу жүйесі және RSPA қашықтан тұраққа қою көмекшісі бар.
Жаңа Kia Sorento үшін қолжетімді тағы бір жүйе – LFA жолақтағы қозғалыс көмекшісі, сағатына 0-ден 180 км-ге дейінгі жылдамдықта іске қосылады. LFA көмекшісі алда келе жатқан көлік құралдарын қадағалап отырады және автокөлік жолында жүргенде кроссоверді жолақта ұстауға арналған жол белгілерін бақылайды. Stop&Go қозғалысын толық тоқтату және қайта бастау функциясы бар интеллектуалды круизді басқарумен бірге бұл жүйе радар берілгісінің ақпаратын қолданады және автокөлікті автоматты түрде жылдамдатады немесе баяулатады, сонымен қатар алда келе жатқан көлік құралына дейінгі қашықтықты сақтау үшін қозғалыс бағытын реттейді.
Жаңа Sorento-да «жасырын» аймақтарды бақылаудың жаңа жүйесі орнатылған, ол жүргізуші үшін екінші көзге айналады: камералардың көмегімен аспаптар панелінен көрінетін «жасырын» аймақтардың бейнесі пайда болады.
Sorento стандартты жабдықтарының тізіміне Kia маркасының тарихындағы алғашқы соқтығысудың алдын алу жүйесі (МСВ) кіреді, ол бірінші соққы кезінде қауіпсіздік жастықшалары іске қосылған кезде тежегіштерді іске қосу арқылы апат кезінде қайталанатын соққыларға жол бермейді.
[1] AEBS автономды шұғыл тежеу жүйесі (сонымен қатар FCAA алдыңғы соқтығысудың алдын алуға көмекші ретінде белгіленеді) көмекші жүйе болып табылады және жүргізушіні кез келген уақытта автокөлікті жауапты және қауіпсіз басқару міндетінен босатпайды. Жүргізушінің автокөлікті басқару стилін жеке мүмкіндіктеріне, заңнамалық талаптары мен шектеулерге, сондай-ақ жалпы көлік жағдайы мен жол жағдайларына сәйкес бейімдеу міндеті сақталады. Құрылымдық деңгейдегі AEBS автокөлікті автономды басқаруға арналмаған. Қосымша ақпарат Автокөлікті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген.
[2] Осы жерде және әрі қарай еуропалық автокөлік сипаттамалары туралы ақпарат берілген. Ерекшеліктер нақты нарыққа байланысты өзгеруі мүмкін.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»