J. D. Power беделді аналитикалық компаниясы 2022 жылға арналған ең сенімді автокөлік модельдері маркаларының рейтингін жариялады. Маркалар рейтингінде абсолютті көшбасшы Kia болды.
Америкалық J. D. Power компаниясы автокөліктердің сенімділігін 33 жыл бойы бағалап, әдістемені үнемі жетілдіріп келеді, өйткені машиналар күрделене түсуде, жаңа жүйелермен және функциялармен жабдықталуда. Ағымдағы хаттамада тоғыз санатқа бөлінген 184 ықтимал проблема қарастырылған: микроклимат, жүргізуші көмекшісі, жүргізу тәжірибесі, экстерьер, қайталама эргономика (ажыратқыштар, экрандар, джойстиктер және т.б.), мультимедиа жүйесі, интерьер, күш агрегаты, орындықтар. Сонымен қатар қазір зерттеу 3 жыл иелік еткеннен кейін автокөлікке қанағаттану деңгейін және өндірушінің автокөлік құралдарын қолдау сапасын ескереді (ең алдымен бұл бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңарту).
Диаграммадан көріп отырғанымыздай, KIA маркалы автокөлік иелері проблемаға ең аз шағымданған екен. Ал Kia Sorento ірі орташа өлшемді SUV (кроссоверлер) сегментіндегі санат бойынша сенімділік рейтингісінің көшбасшысы болды.
2022 жылғы зерттеу 2021 жылдың шілдесі мен қарашасы аралығында жүргізілген 3 жыл пайдаланған америкалық автокөлік иелерінің 29 487 сауалнамасына негізделген (яғни, 2019 жылы сатып алынған) және көлік иелері тап болған проблемалар саны тіркелген. Олардың жауаптарынан 100 машинаға шаққанда анықталған проблемалардың санын көрсететін РР100 рейтингі жасалады. Егер өткен зерттеуде автокөлік иелері соңғы 12 айда тап болған проблемалар тіркелген болса, жаңа әдіс бүкіл иелік еткен мерзімді ескереді.
Қазақстан нарығында ұсынылған Kia автокөліктері, олардың жабдықталымдары мен бағалары туралы толық ақпаратпен Модель парақшасы арқылы танысуға болады.
Қазақстандағы Kia ақпараттық желісі: 555 (қоңырау шалу тегін).
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»