Kia жаңа формациядағы электрмобиль – EV6 ұсынады. Бұл автокөліктің ұзындығы 4680 мм, 2900 мм тең әсерлі дөңгелек базасы бар кросс-хэтчбек. Соның арқасында EV6 екінші қатардағы едені тегіс кең салонға ие.
Жүргізушінің алдында – 12,3 дюймдік диагоналі бар екі аспаптар дисплейі және мультимедиа жүйесі, сонымен қатар навигатордың кеңестерін тікелей жолға бейімдейтін кеңейтілген нақтылық функциялы проекциялық экраны бар. Салонның әрлеуі қайталама шикізаттың – мысалы, пластик бөтелкелердің көмегімен жасалған. Тұрмыстық розетка бар, оған қуаты 3,6 кВт-қа дейінгі сыртқы тұтынушыларды қосуға немесе басқа электрмобильге қайта қуат беруге болады.
EV6 бір немесе екі электрмоторы, артқы немесе толық жетегі, сыйымдылығы 58 кВт*сағ немесе 77,4 кВт*сағ тең тартқыш батареясы бар, қайтарымы 170 а. к.- 585 а. к. аралығында болатын және бір рет қуаттап алған соң 380 км-ден 510 км дейінгі қашықтықа жүре алатын бес модификациясы бар. EV6 GT үздік «қуат алған» нұсқасы 3,5 секундта 100 км/сағ дейінгі жылдамдыққа ие және 260 км/сағ шектеулі жоғары жылдамдыққа жетеді.
Кернеуі 800 вольтке тең ең «жылдам» терминалдардан, сондай-ақ 400 вольттық терминалдар мен тұрмыстық розеткалардан қуат алу мүмкіндігі қарастырылған. Бір педальды жылдамдықты басқару үшін қалпына келтірудің үш деңгейін және ең тиімді i-Pedal режимін таңдау мүмкіндігі бар. Жолақта ұстап тұру және жол белгілерін тану қызметтері бар екінші деңгейлі автопилот, сондай-ақ қашықтан басқарылатын автотұраққа қою қызметі ұсынылады.
Kia V6 тек Оңтүстік Кореяда шығарылады. Тапсырыстарды қабылдау басталған, ал сату шілде айынан басталады.
Kia электрмобильдерге үлкен үміт артады. Компания 2026 жылға дейін он бір жаңа электркар шығаратынын хабарлады.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»