Unlock the Software Age атты жаһандық форумда Hyundai Motor Group бағдарламалық қамтамасыз етіліммен анықталатын сипаттамалары бар автокөліктерге арналған жол картасын ұсынды.
– Hyundai Motor Group (Тобы) бағдарламалық қамтамасыз етілімді (БҚ) әзірлеуді үздіксіз дамыту арқылы пайдаланушы тәжірибесін түрлендіруге және ұтқырлықтың жаңа дәуірін ашуды мақсат етіп отыр
– Барлық модельдерге арналған сымсыз (Over-The-Air, ОТА), жаңартылған БҚ 2025 жылға қарай барлық әлемдік нарықтар аумағында кез келген уақытта және кез келген жерде жақсартылған жұмыс пен функционалдылықты қамтамасыз етеді – барлық модельдер заманауи талаптарға сай болады
– Hyundai Motor Group клиенттерге жекелендірілген қызметтерді және деректерді өңдеудің ең жоғары жылдамдығын ұсынуға мүмкіндік беретін өзінің операциялық жүйесін (Connected Car Operating System, ccOS) әзірлейді
– 2030 жылға қарай Hyundai Motor Group Жаһандық Бағдарламалық қамтамасыз етілім орталығын (Global Software Center) дамытуға 18 триллион корей вонын инвестициялайды, ол автокөлік нарығынан ұтқырлық және логистика нарықтарына шығуға мүмкіндік беретін ұтқырлық құрылғылары мен шешімдерін әзірлеумен айналысады
– 2025 жылға қарай ақпараттық желілермен біріктірілген автокөліктерге (Connected Car Services, CCS) арналған Топтың желілік сервистерінде 20 миллион көлік құралы тіркеледі деп болжануда
Сеул, 2022 ж. 12 қазан – Hyundai Motor Group өзіне тиесілі Genesis, Hyundai және Kia сияқты брендтердің барлық шығарылған автокөліктерін 2025 жылға қарай бағдарламалық-конфигурацияланатын көлік құралдарына (Software Defined Vehicles, SDV) айналдырудың жаңа жаһандық стратегиясын жариялады. Бұл индустриядағы алғашқы бастама Unlock the Software Age жаһандық форумы ("БҚ дәуірін ашамыз") аясында ұсынылды. Стратегия ұтқырлықтың бұрын-соңды болмаған дәуірін ашуға мүмкіндік береді және клиенттерге кез келген жерден, кез келген уақытта өз көлік құралдарының тұтынушылық қасиеттері мен функционалдығын қашықтан жақсарту еркіндігін береді.
Сондай-ақ Hyundai Motor Group автокөліктің жарамдылық мерзімі ішінде пайдаланушы тәжірибесін өзгерту және БҚ-ны әзірлеу технологияларын үздіксіз дамыту арқылы ұтқырлықтың жаңа дәуіріне көшу жоспарларын ашты. Hyundai Motor Group-тың ұтқырлық және БҚ әзірлеу салаларындағы технологияларының арқасында Genesis, Hyundai және Kia сияқты барлық модельдер (соның ішінде сатып алушыларға берілген) қашанда ең заманауи, маңызды конфигурацияларға ие болып қала бермек. Топтың барлық автокөліктері 2025 жылға қарай электрмобиль платформасының жаңа буыны, біріктірілген басқару блогы және жаңа операциялық жүйенің (Connected Car Operating System, ccOS) арқасында БҚ-ның сымсыз жаңартуларын (OTA) ала алады.
2025 жылға қарай барлық HMG модельдері БҚ-ны сымсыз жаңарту (OTA) мүмкіндігіне ие болады
2023 жылдан бастап Hyundai Motor Group-тың барлық жаңа модельдерінде сымсыз байланыс бойынша бағдарламалық қамтамасыз етілімді жаңартуға арналған жабдық болады, бұл автокөліктердің заманауи талаптарға сай болуына мүмкіндік береді. Мұндай өзгеріс тек электрлік модельдерге ғана емес, сонымен қатар іштен жану қозғалтқыштары бар модельдерге де қатысты болады. Клиенттер сервис орталығына бармай-ақ, кез келген жерден және кез келген уақытта өз автокөліктерінің сипаттамалары мен функционалдығын қашықтан жақсарту мүмкіндігіне ие болады. Автокөліктер үнемі жаңартылып отыратындықтан, олардың қалдық құны артады.
Электрмобильдерге арналған жаңа буын платформалары бағдарламалық-конфигурацияланатын автокөліктерге көшуді тездетеді
Hyundai Motor Group автокөліктерге арналған жалпы техникалық және бағдарламалық платформаны әзірлеу арқылы топтамалық өндіріс уақытын айтарлықтай қысқартуды жоспарлап отыр. 2025 жылы Hyundai Motor Group Біріктірілген модульдік архитектура (Integrated Modular Architecture, IMA) жүйесі аясында әзірленген eM және eS сияқты екі жаңа электрмобиль платформасы – негізінде жасалған модельдерді ұсынады. Бұл жүйе электрмобильдердің негізгі элементтерінің орналасуын стандарттауға және модульдеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
еM платформасы тек кез келген сегментке жататын электрмобильдерге ғана арналған. Ол қазіргі модельдермен салыстырғанда бір қуат алғанда жүру қорын 50 пайызға артуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ eM платформасы Level 3 және одан жоғары деңгейдегі автопилоттық технологияларды қолдау мүмкіндіктерін және БҚ мен функционалдылықтың ОТА-жаңартуларының мүмкіндіктерін ескере отырып әзірленді.
eS платформасы тек мамандандырылған көлік құралдарына арналған (Purpose Built Vehicles, PBV). Ол толығымен икемді құрылымға ие болады, бұл В2В сегментіндегі клиенттердің әртүрлі талаптарына сәйкес келу мүмкіндіктерін ашады. Оның негізінде жеткізу, логистика немесе такси салаларында жұмыс істейтін компаниялар үшін толығымен дербес шешімдерді құруға болады.
Қосылған ccOS автокөлігі үшін түбегейлі жаңа операциялық жүйе
сcOS операциялық жүйесін барлық контроллерлерде қолдануға болады және керемет жоғары есептеуіш қуаты арқылы жабдықтың өнімділігін арттыруға қабілетті. Автокөліктер шығаратын ақпараттың үлкен көлемін тиімді жинау және өңдеу үшін деректерді өңдеуге арналған жоғары өнімді жартылай өткізгіштер қажет. Сондықтан Hyundai Motor Group жасанды интеллект үшін есептеу саласындағы көшбасшы NVIDIA компаниясымен ынтымақтасады. NVIDIA жасанды интеллект, машиналық оқыту, графикалық үлгіні тану және өңдеу үшін әлемдегі ең жақсы технологиялық шешімдерді қамтамасыз етеді. Компания жасаған жоғары өнімді NVIDIA DRIVE® платформасы деректердің ауқымды көлемін жылдам өңдеуге мүмкіндік береді. Hyundai Motor Group өзінің біріктірілген контроллерлері мен БҚ жеке платформасы негізінде автопилоттық технологиялар бағыты бойынша бәсекеге қабілеттілік дәрежесін едәуір арттырады.
Hyundai Motor Group ссOS озық операциялық жүйесі деректерді өте жылдам талдау және өңдеу үшін қажетті БҚ технологияларын қолдайды. Технология бұл деректерді автокөлікке орнатылған камера берілгілерін, радарларды және LiDAR-ларды қолдана отырып жинауға мол мүмкіндік береді.
Болашақтың ұтқырлығы және жаңа сын-тегеуріндер
Hyundai Motor Group болашақта ұтқырлық индустриясының парадигмасы толығымен өзгеретінін болжайды және бұл адамдарға өз көліктері болмаса да, ыңғайлы, "кедергісіз" саяхаттардан ләззат алуға мүмкіндік береді. Топтың орта және ұзақ мерзімді стратегиясы ұтқырлық сервистерінің жаңа өлшемін ескереді және бағдарламалық қамтамасыз етілімді әзірлеу жаңа ұтқырлық құралдары мен сервистерін "кедергісіз" байланыстыру арқылы болашақты жақындататын негізгі технология болады. Ұтқырлық шешімдерін ұсынуда көшбасшылықты қолдау үшін Hyundai Motor Group ұзақ мерзімді перспективада болашақтың ұтқырлық нарығындағы өзгерістерге алдын ала жауап беруге мүмкіндік беретін Жаһандық бағдарламалық қамтамасыз етілім орталығын (Global Software Center) құрады. Ол құрылғылар мен ұтқырлық шешімдерін әзірлеумен айналысады, олардың сипаттамалары БҚ-да анықталады.
"Қозғалыс" деген сөзді айтқанда, біз әртүрлі орындар арасындағы қозғалыстан да артық нәрсені айтамыз. Біз үйден шығып, достармен кездесуден бастап, қайта қуат алу, шоппинг, тамақтану және үйге қайтуға дейінгі аспектіні қамтитын саяхаттың барлық кезеңдерін айтамыз, - деп түсіндірді Hyundai Motor Group-тың TaaS (Transportation-as-a-Service, Тасымалдау қызмет ретінде) бөлімшесінің президенті әрі бөлім басшысы Сон Чан (Chang Song) .
2030 жылға қарай Hyundai Motor Group Жаһандық бағдарламалық қамтамасыз етілім орталығы және ҒЗТҚЖ штаб-пәтерін дамытуға 18 триллион корей вонын инвестициялайды, бұл бағдарламалық-конфигурацияланатын көлік құралдарын жасау үшін қажетті БҚ әзірлеу мүмкіндіктерін күшейту үшін қажет.
Топ ұтқырлықты өзгерту бойынша жаңа сынақты қабылдайды, заманауи модельдерді әзірлеуді жалғастырады және болашақта клиенттердің қажеттіліктерін одан әрі қанағаттандыруға тырысады. Қазірдің өзінде Hyundai Motor Group компаниясының SDV саласындағы революциялық технологиялары, оның ішінде ақпараттық ойын-сауық жүйелері, ақпараттық желілерге бірігу жүйелері және ADAS жүйелері клиенттер арасында өте танымал. Қазіргі қоғамның трансформациясы қарқынды жүріп жатыр және көлік құралдарын өндіру технологияларының қарқынды дамуы, сондай-ақ олардың мүмкіндіктерін кеңейту Топқа ұтқырлықтың жаңа, ең озық шешімдерін ұсынуда әлемдік көшбасшы позициясын сақтауға мүмкіндік береді.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»