· Kia Carnival автокөлігінің экстерьері, интерьері және жабдықтары едәуір жаңартылды, бұрынғыдан да заманауи әрі жайлы бола түсті
· Ergo Motion орындықтары, панорамалық экран, интерьердің атмосфералық жарығы және ыңғайлылық пен жайлылықтың басқа да көптеген қызықты опциялары, жаңа дизайндағы дөңгелек дискілер жаңартылды
2024 ж. 19 қыркүйек, Алматы – Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьютор, Allur автокөлік компаниясының құрамындағы Kia Қазақстан нарығында жаңартылған Kia Carnival кроссвэнінің сатылымы басталғанын хабарлайды. Автокөліктің максималды Limousine жабдықталымы 27 490 000 теңгеден басталады.
Оны дайындау кезінде пайдаланылған «үлкен әмбебап автокөлік» тұжырымдамасының арқасында (Grand Utility Vehicle) N3 платформа негізінде жасалған IV буынды Carnival минивэн, кроссовер және бизнес санатты автокөліктерге тән артықшылықтарды үйлестірген. Бұл оны Kia тарихындағы жаңа санат саналатын кроссвэн ретінде жасап шығаруға мүмкіндік берді. Қазіргі заманғы Carnival ұсынатын кейбір шешімдер Kia автокөліктерінде алғаш рет, ал кейбіреулері әлемде бірінші рет қолданылды. Kia Carnival жас, ілгерішіл отбасыларға да, бизнес мәселелерін шешу үшін көлікке мұқтаж жандарға да, кроссовер иелеріне де арналған.
Жаңашылдық кроссвэннің сыртқы түріне, оның интерьеріне, жабдықтары мен осы автокөлік ұсынатын мүмкіндіктерге де әсерін тигізді. Kia Carnival-дың сыртқы алдыңғы бөлігі едәуір өзгерді, қазір жаңа «заманауи әрі батыл» тұжырымдамасына сәйкес орындалған. Бұл тұжырымдама Kia-ның «Қарама-қайшылықтардың бірлігі» дизайнының фирмалық философиясына және оның «Табиғатпен бірлестік» деген негізгі қағидаттарының біріне негізделген. Тұжырымдама модельдің даралық, ықыластық және қолайлылық секілді үш негізгі ерекшелігін баса көрсетеді.
Негізгі фаралардың түрі толығымен өзгерді, олар қазір «Жұлдызды карта» брендінің ең заманауи стилінде жасалған. Тігінен орналасқан жарық техникасы автокөліктің жоғары технологиялық сипатын баса көрсетеді, ауқымды жүріс шамдары бірегей тиімді «жарық белгісін» қалыптастырады. Радиатордың ойластырылған жаңа торы батыл әрі берік дизайнды пысықтап тұр. Бампердің жаңа пішіндері мен оның төменгі бөлігіндегі қорғаныс пластинасы заманауи және талғампаз бейне қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар Carnival автокөлігінің кроссвэн ретіндегі ерекшелігін көрсетіп тұр. Жаңартылған Carnival-ға әдеттегі капот тіректерінің орнына газ қондырғылары орнатылады.
Артқы жағында да айтарлықтай сыртқы өзгерістер бар. Артқы шам, багаж бөлігінің есігі, артқы бампер және артқы спойлерден байқалады. Нөмір белгісі есіктің төменгі жағына ауыстырылды, демек тұтқасы шығып тұрмайды әрі сән-салтанат пен тартымдылықты арттыратын жинақылық беріп тұр. Енді «жұлдызды карта» стилінде жасалған бірегей артқы шамдар жүк салғыш есіктің минималистік дизайнымен үйлеседі және озық бейнені қалыптастыруға ықпал етеді. Ауқымды артқы қорғаныс пластинасы қара элементтерді пысықтап, автокөлік экстерьерінің бірегей дизайнын ерекшелендіріп тұр. Жаңартылған Kia Carnival автокөлігіне өлшемі 19 дюймдік жаңа батыл дизайндағы жеңіл қорытпалы құйма дөңгелек дискілері ұсынылады.
Жаңартылған Carnival интерьері кеңістік, жайлылық және айқын аймақтарға бөлу сияқты өзінің сипаттамалық қасиеттерін сақтап қалды. Оның дизайнындағы жаңартылған элементтер премиалды сапасына баса назар аударады. Интерьердің ең көрнекті элементтерінің бірі орталық панель де өзгерді, сандық бақылау панелі мен ақпараттық ойын-сауық жүйесінің дисплейлері біріктірілген ауқымды панорамалық иілген экран пайда болды (әрқайсысының диагоналі 12,3"). Ақпарат пен климатты бақылау жүйесін басқару ыңғайлы бола түсті. Терезе көтергіш тетігі бар шынтақ тіректерінің пішіндері мен әрлемесі өзгерді, есіктердегі аудиожүйе динамиктерінің сәндік торлары заманауи бола түскен. Ауа ұяшықтары бар Ergo Motion жүргізуші орындығы орнатылған, бұл отыру кезінде барынша ыңғайлылық береді. Алдыңғы панельдегі және есіктердегі атмосфералық жарық (алдын ала орнатылған 10 түс немесе пайдаланушының 64 түс нұсқасын таңдау мүмкіндігі) салонда қосымша жайлылық пен премиалдылық сезімін тудырады. Алдыңғы стақан қойғыштардың өлшемдері ұлғайтылды. Сондай-ақ жаңартуларға қосымша қауіпсіздік жастықшасы – апат кезінде жолаушылар арасындағы соқтығысудың алдын алатын орталық бүйірлік жастықша кіреді.
Екінші қатардағы орындық ұзақ қашықтыққа сапарға шыққан кезде жолаушылардың шаршағанын басатын өте ыңғайлы массаж жүйесімен жабдықталған. Массаждың жаңа қызметтері қосылды, оларды арнайы қашықтан басқару пульті арқылы басқарған ыңғайлы бола түсті.
Жаңартылған Kia Carnival автокөлігіне уақыт сынынан өткен, жанар-жағармайды бүркіп шашатын, 3,5 литрге тең, бензинді V6 Smartstream жаңа буынының қозғалтқышы орнатылды. Қозғалтқыштың қуаты 249 а.к., ал максималды айналу сәті 331 н•м. Трансмиссиясы – автоматты, гидромеханикалық, сегіз сатылы.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Kia әлеуметтік желілерде
Официальный дилерский центр Kia – Allur Landing ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»